Астананың 20 жылдық мерейтойында қаладан үй-күйі жоқ адамдар шығарылмайды – Полиция

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха Астананың 20 жылдың мерейтойын тойлау кезінде Астанадағы тұрақты мекенжайы жоқ адамдардың қаладан арнайы шығарылмайтынын айтты, – деп хабарлайды alternativ.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

“Бізде арнайы қабылдайтын бөлім бар, яғни, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамның құжаты болмаса, ол арнайы мекемеге орналастырылады. Оларды арнайы ұшақпен, пойызбен алып кету деген болмайды. Ол адам қандай да бір ереже бұзса да, ол бізге орналастырылады. Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар ғана”, – деді Игорь Лепеха брифинг барысында. Еске сала кетейік, 2017 жылдың маусымында әлеуметтік желілерде тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың Астанада EXPO-2017 кезінде қаладан шығарылып жатқаны түсірілген видеожазба тараған еді. Куәгерлердің айтуынша, видеодағы тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар Ақмола облысы Есіл ауылы, Қостанай облысында, сондай-ақ, Қарағандыда түсірілген.

One thought on “Астананың 20 жылдық мерейтойында қаладан үй-күйі жоқ адамдар шығарылмайды – Полиция

  • Маусым 13, 2018 at
    Permalink

    Дұрыс болған

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған