Бар жақсылық балаларға

Тараз шаһарындағы «Зербұлақ» демалыс аймағында мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған «Асар» оңалту орталығы жұмыс істеп келеді.

Жуырда аталмыш әлеуметтік нысанда “Үміт” және”Нұр бала” жобалары аясында ашық есік күні өтті.

Бұл жобаны іске асырудағы мақсат мүгедек жастарды рухани ізгіліктерге талпындыру, сондай-ақ, олардың елде басқалармен тең құқылы болуына септігін тигізу.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен жүзеге асырылған ашық есік күніне Нұр Отан партиясы Жамбыл облыстық филиалының консультанты  Берік Телеушов арнайы шақырылды. Ол жас та бола қолынан іс келетін, көздерінде от ойнаған балаларға өз лебізін білдірді.

– Бүгінгі ашық есік күнінде сала мамандарының  орасан еңбегін көріп риза болып отырмыз. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамда өздерін ешуақытта төмен сезінбеуі тиіс. Шара осыған бағытталған. Партия бұл ретте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп түрлі жобаларды атқаруды жалғастыра бермек,– деді партия өкілі.

Ашық есік күнінің салтанатты бөлімінде  балалар сахналық қойылымдар қойып,көңілді би билеп,асыр салып ән айтты. Орталықтың қызметін пайдаланушылар ата-аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті. Көңілді кеш «Асар» орталығының әнұранымен аяқталды.

Естеріңізге салсақ ашылғалы бір жыл өткен  сауықтыру мекемесінде «Жамбыл облысы Жастар  ұйымдарының қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің құрамындағы «Нұр бала» ұйымының бастамасымен бірегей жобалар жүзеге асырылуда. Осы ретте Заңды тұлғалар бірлестігі «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы» грантының аясында да бірқатар әлеуметтік бастамаларды іске асыруды көздеп отыр. Сонымен қатар қайырымдылықты басты бағыт ретінде ұстанатын тірек-қимыл аппараты бұзылған және психикалық-неврологиялық аурулары бар адамдарға арналған «Асар» оңалту орталығында жыл сайын 40 мүгедек оңалту, әлеуметтену және интеграциялаудан өтеді. «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат» мемлекеттік мекемесінің балалары үшін велосипед алуға жұмыстар ұйымдастырылды; 300 мүгедектігі бар балаларға жаңа жылдық сыйлықтар; биылғы жылы 5 мүгедекке арба, жүріс арбасы, балдақ берілді. Жас кәсіпкерлермен бірлесіп «Қайырымдылық күні» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді, онда 15 мүгедектігі бар балаларға мүгедектерге арналған арба табысталды. Қажетті дәрі – дәрмек алу мақсатында 11 мүгедектігі бар балаларға 50 мың теңге көлемінде тегін сертификат алуға көмек көрсетілді. Мүгедектерді шұғыл емдеу үшін Ақтоған (3 млн. теңге) қымбат препараты алынды, № 2 қалалық көп бейінді аурухана негізінде мүгедектерді емдеу және оңалту үшін бейімделген және мамандандырылған палаталар дайындалып, жабдықталды. 2015 жылдан бастап церебералды шалдығуы бар, аутизм ауруына шалдыққан балалар мен ересектерге арналған инновациялық оңалту иппотерапиясы ұйымдастырылды. Осылайша 200-ден астам мүгедектігі бар бала оңалту бойынша көмек алып, өз денсаулықтарын жақсартты. «Зербұлақ» ат клубының аумағында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін арнайы жағажай ашылды. 5 мүмкіндігі шектеулі тұлғаны жұмысқа орналастыру бойынша ХҚКО-мен меморандум жасалды.

Бүгінде Қазақстан Республикасының  ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қайырымдылық бағытындағы бастамаларды жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда 1 наурызда өкілетті органның алқа отырысы өтіп,онда спикерлер өз баяндамаларында мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимыл, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық кеңестер рөлі мен волонтерлікті дамыту, конфессияаралық және этносаралық қатынастар саласындағы өзара түсіністікті нығайту саласындағы өзекті тақырыптар мен жұмыс бағыттарын түсіндірді. Қайырымдылық саласын қайта қарау және қайырымдылық пен донорлық туралы тұжырымдамалық жаңа заң жобасын әзірлеу қажеттілігі туралы тезис айтылды, қоғамдық кеңестердің жұмысын іргелі қайта пішімдеу бойынша жұмыстың кезеңдері негізделіп, оларға қабылданатын шешімдерді қоғамдық бақылау жүйесінде шешуші рөл белгіленетіні айтылды. Бұл ретте аталған жұмыстарды іске асыру үшін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мекемелеріне айқын басымдықтар берілмек. Бүгінде азаматтық қоғам мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелерін шешуге белсенді қатысу үшін өз ресурстарын жұмылдыруға дайын. Осы мақсатта қазіргі уақытта 2025 жылға дейін Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын дайындау жүріп жатқаны көпке белгілі.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған