Жамбылдықтар KITF халықаралық көрмесіне қатысты

Алматыда Орталық Азиядағы ауқымды шаралардың бірі, туризм индустриясының жаңалықтары мен даму үдерісін паш ететін «Туризм және саяхат» халықаралық ХІХ KITF дәстүрлі көрмесі басталды. Бұл көрме Алматыда 19-шы рет ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің 25 елінен 350 туристік компания қатысуда. Yш жүзден аса компаниялар ат басын тіреген көрме алаңы халықаралық туризм жетістіктерінің жаңалықтарын жариялап, алғашқы әріптестік келісімдерге қол қойылды деуге негіз бар.

 

Халықаралық көрмеден Жамбыл олбысы әкімдігі туризм басқармасы да қалыс қалған жоқ. Дүние жүзінен келген қонақтар мен еліміздің әр бөлігінен келген туристерге Жамбыл облысының тарихи мәдени нысандарынан және Тараз жерінің тарихынан хабар беруде. Сонымен қатар, ауқымды шараға Жамбыл облысының туристік компаниялары да ат салысуда.

 

Шара барысында туристік сала өкілдер бір-бірімен тәжірибе алмасуда. Айта кетерлігі, көрмемен қатар шарада түрлі шеберлік сағаттары викториналық ойындар, халықтардың мәдениетінен хабар беретін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мамандардың сөзінше ауқымы кең жобаның барлық тарапқа берері көп.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған