ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖЫР ЖАТТАП ЖАРЫСУДА

Жамбыл облысында 6-10 оқушылар арасында батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңі өтуде. 

Байқау шарттары бойынша қатысушылар «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау жазған нұсқасын мүдірмей айтып шығуы тиіс. «Қобыланды батыр» жырын жаттап, оны мүдірмей жеткізген оқушыға 1 млн теңге берілмек.

Аталшым байқау оқушыларға өзінің, мұғалімі мен мектебінің атын шығаруға үлкен мүмкіндік береді. Тіпті  Гиннестің рекордтар кітабына енуі де әбден мүмкін. 107 бет, яғни 3 627 қатардан тұратын жырды жаттау еңбек пен табандылықты талап етеді.

«Qazaq epos» қоғамдық қоры ұйымдасырған бірегей байқау 3 кезеңнен тұрады. Алғашқысы – сәуірде өтетін аудандық байқау. Бұдан кейін қатысушылар мамыр айында облыс бойынша бақ сынайды. Ал маусым-шілде айларында республикалық кезең ұйымдастырылады.

Іріктеу кезеңінің қатысушыларына сәттілік тілейміз.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған