“Zhas project” жобасы аясында сертификаттар табысталды

Таразда “Zhas project” жобасы аясында сертификаттар табысталды,- деп хабарлайды alternativ.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

” Zhas project” жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны іске асыруды Үйлестіру агенттігі жүзеге асырады.

 

Бүгінде бұл жоба аясында Жамбыл облысында 704 жастар қатысқан. Олар 206 жобаны іске асырған. Олардың қатарында бүгінде 10-14 жас аралығындағы оқушыларға робототехника курстарын тегін үйретіп отырған топ та бар. Олар бүгінде жағдайы төмен және аз қамсыздандырылған 100ден астам оқушыны  робототехника негіздеріне үйретті.

Олар жеңіп алған соммаға 3 роботехника жиынтығын,2 ноутбук және оқушыларға сабақ беретін мұғалімді  жалдаған. Кезінде робототехниканы білмеген оқушылар қазіргі таңда, көптеген жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде жоба жеңімпаздары бұл жобаны одан әрі жалғастырмақ ниетте.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған