“Ancient Taraz-2018” халықаралық туристік форумы өз жұмысын бастады

Облыс орталығында “Ancient Taraz-2018” халықаралық туристік форумы өтіп жатыр,- бұл туралы alternativ.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

  Форум аясында  «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілердің халықаралық көрмесі есігін айқара ашады. Сондай-ақ шара аясында 14 жастан 17 жасқа дейін барлық балаларға қатысуға болатын «Тараз қолөнершілер қаласы» және 25 жасқа дейінгі жас шеберлерге арналған «Көне Тараз» жас қолөнершілер байқауы өтеді.

Форум барысында туристік салаға инвестиция тарту, туризм қауіпсіздігі және саланы сандық жүйеге ауыстыру мәселелері талқыланбақ.

Ал көрмеде Қазақстан, жақын және алыс шетел қолөнер шеберлерінің жұмыстары ұсынылады, сондай-ақ бірқатар практикалық және теориялық мастер-класстар мен ғылыми практикалық конференция өткізіледі.

Шараға Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Италия және тағы басқа елдердің делегаттары қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, форум 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

0 thoughts on ““Ancient Taraz-2018” халықаралық туристік форумы өз жұмысын бастады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған