Жамбыл облысына жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі келді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жамбылға жұмыс сапарымен келді. Еліміздің  бас дәрігері өңірдегі бірқатар емдеу орындары жұмысымен танысты, жаңадан салынып жатқан облыстық онкологиялық диспансерінің құрылысына үңіліп қайтты,-бұл туралы alternativ.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елжан Біртанов ең алдымен «Жанұя» жекеменшік емханасына ат басын бұрды. Мұнда бүгінгі таңда 70 ке жуық ақ халатты қызмет етіп келеді. Емдеу орталығында 40 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Мекеме 22 учаске бойынша қызмет көрсетеді, одан өзге тұрғындардың қолжетімділігі үшін шалғай елдімекенде қосымша тағы 1 қызмет көрсету орнын ашқан. Бүгінгі 500-700 адам қабылдауға қауқарлы. Елбасы тапсырмасына сәйкес емдеу орталығы цифрлі жүйеге толықтай көшкен.

Мұнан соң еліміздің бас дәрігері №5 мемлекеттік емханасына табан тіреді. Медициналық мекемнің жұмысымен танысқан министр, ақ халаттылармен кездесу өткізіп, олардың ұсыныс тілектерін тыңдады.

Бас дәрігер жаңадан салынғалы жатқан онгологиялық диспансердің жобасымен де танысты. Іргетасы биылдан қаланғалы жатқан аурухана құрылысы 2020 жылы аяқталады деп күтілуде. Ержан Амантайұлы заман талабына сай аурухана құрылысына сапалы материалдар пайдаланып, соңғы үлгідегі емдеу құрылғыларымен қамтуды тапсырды. Мұнан өзге №1 қалалық ауруханасымен Гродиково дәрігерлік амбулаториясын да көзбен көріп қайтты. Сапар соңында денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен кездесіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған